Матс Хуммельс мансабын аяқтауы мүмкін
Матс Хуммельс жаңа бапкердің келуімен “Ромадағы” позициясы өзгермейтін болса, маусымның соңында мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Sky Sport Deutschland.
Бұрынғы "Баварияның" және дортмундтық “Боруссияның” жұлдызы осы маусымда бар болғаны 23 минут ойнады және тіпті Фиорентинадан 5-1 есебімен жеңілген кезде автогол соқты. Хуммельс жоғары деңгейде ойнауды жалғастырғысы келеді, бірақ еуропалық клубтардан ұсыныс түспесе, ол мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы “Рома” басшылығы да хабардар.
Маусым басынан бері “Ромада” 3 бапкер ауысты: ойыншыны Римге әкелген Де Росси кетті. Содан кейін Иван Юрич те 53 күннен кейін қызметінен босатылды. Соңғы болып Клаудио Раньери “сары-қызылдардың” бапкері болып тағайындалды.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49