locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Мақсатымыз - келесі лигаға өту». Қазақстан құрамасының шабуылшысы Арменияны жеңгеннен соң пікірімен бөлісті

«Мақсатымыз - келесі лигаға өту». Қазақстан құрамасының шабуылшысы Арменияны жеңгеннен соң пікірімен бөлісті
ФОТО: КФФ

Футболдан Қазақстан қыздар құрамасының шабуылшысы Карина Берікова Армения құрамасынан (3:2) жеңістен соң өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazsport телеарнасы.

«Бірінші сырт алаңда өткен ойында, өкінішке орай, 0:2 есебімен жеңіліп қалдық. Сол ойыннан соң біз жиналып, жақсы көңіл күймен алаңға шықтық. Бәріміз бір-біріміз үшін, ел үшін ойнадық және жеңіске жеттік.

Бірінші тайм 0:0 есебімен голсыз аяқталды. Екінші таймда тез арада екі гол салғанымызбен екі гол жіберіп алдық. Ал үшінші голды күш-жігермен сала алдық деп ойлаймын. Үзілістегі бағыт-бағдар алғанымыз гол салуға ықпалын тигізді.

Алдымызда екі матч қалды - екеуі де өз үйімізде өтеді. Мақсатымыз бір - жеңіске жетіп, В лигасына өту. Келген жанкүйерлерге үлкен рахмет!» - деді футболшы.

Төрт тур қорытындысы бойынша Қазақстан 7 ұпаймен өз тобында екінші орында тұр. Қазақстандықтардың келесі ойыны 30 мамырда Лихтенштейн құрамасына қарсы өтеді. Ал соңғы кездесу топтың фавориттері Люксембургқа қарсы 3 маусымға жоспарланған. Бірінші айналымда командалар 2:2 есебімен тең түскен болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie