Мақсат Тайкенов «Қызылжар» сапына ауысуы мүмкін


Петропавлдық «Қызылжар» клубы жартылай қорғаушы Мақсат Тайкеновті қатарға қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Команданың бас бапкері Милич Чурчич қазіргі таңда «Жетісу» сапында өнер көрсетіп жүрген 27 жастағы футболшыны өз құрамында көргісі келеді.
Жетісулық клубқа Тайкенов 2024 жылғы маусымның басында қосылған болатын. Ол он матч өткізіп, екі нәтижелі пас беріп үлгерді.
Маңғыстау футбол мектебінің түлегі саналатын Тайкенов кәсіби мансабының басым бөлігін Ақтаудың «Каспий» клубында өткізген.
Айта кетейік, 2021 жылы ол Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, төрт матчқа қатысқан.
Қазіргі таңда Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турынан кейін «Қызылжар» 14 ұпаймен турнирлік кестеде сегізінші орында келеді. Соңғы кездесуінде команда Ақтөбемен өз алаңында тең нәтижеге қол жеткізді – 1:1.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11