Мартин Эдегор Норвегия - Қазақстан ойыны жайлы: "Біз жеңу үшін келдік"
Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор Ұлттар лигасының аясында 6 қыркүйек күні Алматыда өтетін ойын жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Біз қарсыласымызды зерттедік, Қазақстан - жақсы команда. Бірақ, біз жеңу үшін келдік. Біз ойынға дайындалып жатырмыз", - деді Эдегор.
Қазақстан жастар құрамасына қарсы бұрыңғы ойын жайлы капитан былай деді:
"Иә бұл ойын есімде. Бұл жақсы тәжірибе болды, бірақ енді жағдай басқаша."
Эдегор қарсыластардың ойынын зерттегендерінде атап өтті:
"Біз бүкіл құраманы зерттедік, сырт алаңда ойнайтынымызды ескерсек ойын қиын болады. Біз Ұлттар лигасындағы жақсы бастауға үміттенеміз."
"Астана - Бранн" ойыны жайлы:
"Бұл оңай сапар болмас. Ұзақ жол және қиын стадион. Бірақ, бұл футболдың бөлігі, қазір ойынға дайындалып жатырмыз."
Қазақстан - Норвегия ойыны 6 қыркүйекте, 19:00-де Алматыдағы "Орталық" стадионында өтеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52