locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Маркос Алонсо Сельта сапына ауысады

Маркос Алонсо өзінің келесі қадамын анықтады. Еркін агент ретінде ол жаз бойы бірнеше жетекші еуропалық клубтардан ұсыныстар алды және көп ойланып өз клубын таңдады.

30 маусымда оның Барселонамен келісімшарт мерзімі аяқталды ж"не каталондық клуб қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартуды қаламады.

Алонсо Ла Лигада қалуға шешім қабылдады. "Релево" басылымының хабарлауынша, ол "Сельта де Виго" сапына қосылады.

2023/24 маусымда Маркос Алонсо жарақатына байланысты тек сегіз матч өткізе алды (бесеуі Ла Лигада және үшеуі Чемпиондар Лигасында). "Барселона" үшін ол 45 матч өткізіп, 3 гол соқты.