locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Марко Ройстың MLS-тегі дебюттік ойыны: Неміс өз деңгейін көрсетті

Футбол 25 там 2024 07:56
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Марко Ройстың MLS-тегі дебюттік ойыны: Неміс өз деңгейін көрсетті

Бұрынғы Боруссия Дортмунд ойыншысы өзінің дебюттік ойынында бір гол және бір голдық пас берді. 35 жастағы немістің нәтижелі ойынының арқасында ЛА Гэлакси Атланта Юнайтедті 2:0 есебімен жеңді.

Ол голдық пасты Рикки Пучқа берді. Ол Ла-Масия түлегі, барлық мүмкіндігін Барселона сапында көрсете алмай жас кезінде АҚШ-қа ауысқан болатын. Марко ЛА Гэлаксимен 2,5 жылға жарамды келісімшартқа отырды. Ройс Дортмунд сапында 429 ойынға қатысып, 170 гол соғып, 131 ассист авторы атанған.

Жаңа клубта ол өзіне 18-ші номер алды. ЛА Гэлаксидің келесі ойыны 1 қыркүйекке жоспарланған. Олар Сент-Луис Сити командасына қонаққа барады. Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады.