locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Марко Асенсио Барселона ойыншысы атануға жақын болды

Марко Асенсио Барселона ойыншысы атануға жақын болды

Марко Асенсионың бұрынғы агенті Гаджиоли ойыншының "Барселонаға" ауысуға жақын болғанын растады.

"Асенсио "Реалға" дейін "Барселонаға" ауысуға жақын болды ма? Иә, бізде каталондықтармен келісім болды, бірақ ол клубтың қаржылық мәселелеріне байланысты қол қойылмады. "Барселонамен" барлық мәліметтер келісілді, бірақ "Реалдан" ұсыныс түскенде, Марко сол командаға ауысқысы келді",-дейді ойыншының бұрынғы агенті.

Айта кетейік, Марко Асенсио 2016 жылдан 2023 жылға дейін "Реал" сапында ойнады. 2023 жылдың жазында ол еркін агент ретінде ПСЖ сапына ауысты.