locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Марио ГЁТЦЕ: "Мен Германияның жаңа үміті, келесі Месси болдым, бірақ бұл өте ауыр жүк"

Марио ГЁТЦЕ: "Мен Германияның жаңа үміті, келесі Месси болдым, бірақ бұл өте ауыр жүк"
ФОТО: transfermarkt

“Айнтрахт Франкфурт” ойыншысы Марио Гётце theplayerstribune басылымына берген сұхбатында “жаңа Месси” лақап атына қалай қарайтыны туралы айтты.

"Мен жоғары деңгейде ойнауды қалайтынмын. Аргентинаға соққан голымнан кейін мен бабымда болғаным сонша, адамдар мені әлемнің ең жақсы ойыншыларының қатарына кіретінімді айтқан болатын. Олар мені алдағы 10 жылда жұлдыз болады деп күтті. Жаңа неміс үміті, келесі Месси деді. Бірақ, бұл ауыр жүк болды. Мен әр ойынымда ең жақсы ойынымды көрсету керектігімді ойлап жүретінмін.

Бірақ адамдардың жаман күндері болады. Олар жарақат алады. Олар ауырады. Жақсы ойнағанның өзінде бапкер жүйені өзгертіп, ойыннан шығып қалуың мүмкін. Өткенге көз жүгіртсем, өзіме тым қатал болғанымды түсінемін", - дейді неміс футболшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Марио Гётце Дортмундтық “Боруссияның” түлегі, қазір ол Бундеслиганың басқа командасы - “Айнтрахт” сапында ойнайды. Сондай-ақ, Гётце 2014 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасымен ойында (1:0) Германияға жеңіс әкелген голдың авторы.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie