locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Марин Томасов көш бастады: үшінші турдан кейінгі ҚПЛ-дің үздік сұрмергендері

Футбол 31 нау 2025 05:05
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Марин Томасов көш бастады: үшінші турдан кейінгі ҚПЛ-дің үздік сұрмергендері
ФОТО: kazfootball

31 наурыз күні Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры мәресіне жетті. Маусымның алғашқы кезеңдері аяқтала салысымен турнирлік кестеде күтпеген интрига қалыптасты.

Қазіргі таңда көш басында - 7 ұпаймен алматылық «Қайрат» тұр. Дәл осындай ұпайды «Ақтөбе» мен «Астана» да жинағанымен, қосымша көрсеткіштерге сәйкес екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Маусым басындағы басты сенсация - елдің 2023 жылғы чемпионы «Ордабасының» нәтижесі. Шымкенттік клуб 3 матчта бар болғаны 2 ұпай жинап, турнир кестесінің ең соңында орналасқан.

3 турдан кейінгі сұрмергендер тізімі:
• 4 гол — Марин Томасов («Астана»)
• 3 — Зария («Қайрат»)
• 2 — Барбоса («Атырау»), Жақсылықов («Қайсар»), Марат («Оқжетпес»), Сигневич («Тобыл»)

Ассистенттер көшбасшылары:
• 2 нәтижелі пас — Жұмабек («Тұран»), Камара («Астана»)

Премьер-лиганың төртінші туры 5 сәуірде басталып, 6 сәуірге дейін жалғасады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie