locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Манчестер Юнайтедтің бұрынғы бапкері команданы қайта баптауға қарсы еместігін айтты

ФОТО:  Getty images
Манчестер Юнайтедтің бұрынғы бапкері команданы қайта баптауға қарсы еместігін айтты

"Манчестер Юнайтед" командасының бұрынғы бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер команданың соңғы нәтижелеріне байланысты "қызыл сойқандарды" қайтадан баптау жайлы пікір білдірді.

“Егер отбасыңыз сізден бір нәрсе сұраса, сіз әрқашан ”иә" деп жауап бересіз. Мен үшін басқа адамдардың жұмысы туралы пікір айту дұрыс емес, бірақ егер мені сұраса, жауабым “иә” болар еді", — деп келтіреді Сульшердің сөзін Goal басылымы.

Айта кетейік, норвегиялық маман "Манчестер Юнайтед" командасын 2019 жылдың наурызынан 2021 жылдың қарашасына дейін басқарған. Оған дейін, 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін Сульшер уақытша бас бапкер қызметін атқарды. 2020/21 маусымында норвегиялық маманның жетекшілігімен “Манчестер Юнайтед” Премьер-лиганың турнирлік кестесінде екінші орын алды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie