locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Манчестер Юнайтедтің ашуы, Арсеналдың сенімді жеңісі, Эрлинг Холанд хет-тригі

АПЛ 2-тур аясында өткен алғашқы күнінің нәтижелері.

“Брайтон” 1:2 “Манчестер Юнайтед”

Ойын 90 минут тең нәтиже де өткенімен, алаң иелері соңғы минутта Тен Хаг шәкірттерінен жеңісті жұлып әкетті. Ойыннан кейін “Брайтонның” жеңісі емес, Гарначоның офсайдтан соққан голы талқыланды. Гарначо ашық қақпаға гол соқты, ал төреші доп Зиркзенің аяғына тиді деп санап, есепке алмады.

Голдар: Д.Уэлбек 32’(1:0), А.Диалло 60’ (1:1), Ж.Педро 90+5’(2:1)

“Тоттенхэм” 4:0 “Эвертон”

Лондондықтар өз алаңында Эвертон қақпасына жауапсыз 4 гол соғып, сенімді жеңіске жетті.

Голдар: И. Биссума14', Сон Х. М.25', 77' К. Ромеро71'

“Кристал Палэс” 0:2 “Вест Хэм”

Вест Хэм сырт алаңда Оливер Глансердің шәкірттерін 0:2 есебімен жеңіп, сенімді жеңіске қол жеткізді.

Голдар: Т. Соучек67', Д. Боуэн72'

“Саутгемптон” 0:1 “Форест”

Ойын 70 минут бойы тең нәтиже де өтті, 70-ші минутта “Ноттиггем Форест”ойыншысы Гиббс-Уайт есеп ашты және оның голы ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол болып тіркелді.

Гол: М. Гиббс-Уайт70'

“Фулхэм” 2:1 “Лестер Сити”

АПЛ-ге қайта оралған Лестер Сити алаң иелері “Фулхэмнен” жеңіліс тапты.

Голдар: И. Смит-Роу18' В. Фас38' , А. Ивоби70'

“Манчестер Сити” 4:1 “Ипсвич Таун”

“Ипсвич Таун” 7-ші минутта есеп ашқанымен, жеңісті тек 5 минут қана ұстап тұра алды. Эрлинг Холандтың хет тригі және Де Брюйненің голы “қалалықтарға” сенімді жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Голдар: С. Смодич7', Э. Холанд12'(П),16', 88' К. Де Брёйне14'

“Астон Вилла” 0:2 “Арсенал”

24-тамыз күнгі АПЛ ойындары Арсеналдың сырт алаңдағы сенімді жеңісімен аяқталды. Артета шәкірттері екінші таймның соңында ойынды өз тізгендеріне алды.

Голдар: Л. Троссард67', Т. Парти77'