Манчестер Юнайтед – Рейнджерс. Онлайн көру. LIVE көрсетілім
Футбол
23 қаң 2025 15:00

Наурызбай Қанатұлы
sports24 сарапшы

Фото: gettyimages
23 қаңтардан 24 қаңтарға қараған Манчестерде Еуропа Лигасының негізгі кезеңінің 7-тур матчы өтеді. Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" өз алаңында шотландиялық "Рейнджерс" командасын қабылдайды.
Турнирлік кестеде командалар бір-біріне көрші орналасқан. "Манчестер Юнайтед" алты турдан кейін 12 ұпаймен жетінші орында келеді. Ал "Рейнджерс" 11 ұпаймен сегізінші орында тұр. Екі команда да үздік сегіздікке кіру үшін таласатыны анық.
- Спорт әлеміндегі жарқын оқиғаларды біздің Sports24.kz Telegram-арнамыздан көріңіз!
Маусым алдында командалар өзара жолдастық кездесу өткізді. Ол кезде "Манчестер Юнайтед" 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Матч Астана уақыты бойынша 00:50-де басталады. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 15:45
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек