locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

"Манчестер Юнайтед" Лени Йороның жарақат алуы мүмкін екенін білді

"Манчестер Юнайтед" Лени Йороның жарақат алуы мүмкін екенін білді

"Манчестер Юнайтед" Лени Йороны сатып алмас бұрын денсаулығында кінәрат бар екенін білді.

Дәрігерлер бұл туралы медициналық тексеру барысында басшыларға ескертті,

Бірақ, клуб басшылығы дәрігерлердің ескертуін елемей, ойыншыны сатып алу жайлы шешім қабылдады. 62 миллион еуроға сатып алынған Йороның бағасы кейінірек сыйақылармен 72 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін.

Трансферден кейін 2 аптадан өткен соң Йоро “Арсеналмен” матчта табан сүйегін сындырып алып, қатардан 3 айға шығып қалды.

Қызыл сойқандар 18 жасар қорғаушымен келісімшартқа отыру барысында басқа дүниеге назар аудармады, олар Йоро болашақта топ ойыншыға айналады деп сенеді. Басшылар ұрыс шешім қабылдады ма, жоқ па оны уақытты көрсетеді.