locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Манчестер Юнайтед Харри Магуайрмен келісімшарт мерзімін 2026 жылға дейін созуды жоспарлап отыр

ФОТО:  Getty images

“Манчестер Юнайтед” клубы 31 жастағы орталық қорғаушы Харри Магуайрмен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы AS басылымы Football Insider басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, “қызыл сойқандардың” басшылығы ағылшын футболшысының келесі жазда келісімшарты аяқталғаннан кейін команданы тегін тастап кетуіне жол бермеуді көздейді.

Харри Магуайр “Манчестер Юнайтед” сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирлерде 214 матч өткізіп, 12 гол соқты және 8 нәтижелі пас авторы атанды. Transfermarkt деректеріне сәйкес, оның нарықтық құны €18 млн-ға бағаланады.