locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Манчестер Юнайтед» Андре Онананың орнына қақпашы іздестіруде

Футбол 12 сәу 2025 06:36
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
«Манчестер Юнайтед» Андре Онананың орнына қақпашы іздестіруде
Фото: gettyimages

«Манчестер Юнайтед» алдағы жазда италиялық «Парма» клубының қақпашысы Дзион Судзукиді сатып алғысы бар.

Бұл трансферге себеп Андре Онананың соңғы ойындарда көп қателесіп жүргені, деп жазады Daily Mail порталы.

Рубен Аморим қақпашыны қолдағанымен, оған бәсекелес тағы бір мықты голкипер болғанын жөн санайды. Ал қазіргі құрамдағы Алтай Байындыр мен Том Хитон лайықты деңгейде емес көрінеді. Бірақ осы аптада өтетін «Ньюкаслға» қарсы матчқа негізгі құрамда түркиялық қақпашы шығады деп күтілуде.

Кейбір ақпарат көздері клуб Онаны сатуды қарастырады деген де ақпарат таратуда. Мысалы Transfer News клуб басшылығы Андре Онананы жазда сатылымға қояды деп жазды. Қақпашыны сатып алуға басты үміткер «Ньюкасл» клубы болып тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie