locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Манчестер Юнайтед аңызы жерлесі Черчесовты қолдаусыз қалдырмады

ФОТО:  KFF
Манчестер Юнайтед аңызы жерлесі Черчесовты қолдаусыз қалдырмады

“Манчестер Юнайтед” клубының бұрынғы ойыншысы, Ресей құрамасының экс-футболшысы және қостанайлық “Тобыл” клубының бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовты сәтсіз әзілінен кейін қолдады. “Евро-Футбол.ру” порталына берген сұхбатында Канчельскис бапкерді қорғап сөйледі.

“Мен баспасөз мәслихатында болмадым. Контекстке қарау керек. Оған қазақ тілінде сұрақ қалай қойылды, қандай дауыспен? Шынымен де журналист ПСЖ жейдесінде отырды ма? Көрмедім, білмеймін, тек оқыдым. Қазір Черчесовты осы оқиға үшін орынсыз сынға алмау керек. Адамға қазақ тілін үйренуге уақыт беріңіздер. Кем дегенде жарты жыл беріңіздер, содан кейін қазақша сұрақтар қойыңыздар. Ол онда бар болғаны бір ай ғана жұмыс істеді. Әрине, мұндай сұрақтарға жауап бере алмайды. Тілді осындай қысқа мерзімде үйрену мүмкін емес. Егер оған қазақша сұрақ қойылса, ол не деп жауап беруі керек еді?”, — деді Андрей Канчельскис Черчесовтың жағдайы туралы.

Бұған дейін Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы Ұлттар лигасы матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында Станислав Черчесов сәтсіз қалжың айтып, кейін Қазақстан футбол федерациясы тарапынан бапкерге айыппұл салынған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie