Манчестер Сити Пеп Гвардиола орнына жаңа бапкер қарастыра бастады
“Манчестер Сити” 53 жастағы испандық маман Хосеп Гвардиола клубтан кетуге шешім қабылдаған жағдайда, оның орнына жаңа бас жаттықтырушы іздеуді бастап кетті.
City Xtra мәліметінше, “қалалықтар" қазіргі уақытта леверкузендік “Байердің” бас жаттықтырушысы Хаби Алонсо және лиссабондық “Спортингтің” жаттықтырушысы Рубен Аморимді назарда ұстауда.
Гвардиоланың “Ситимен” келісімшарты 2025 жылдың жазында аяқталады, ал испандық жаттықтырушы келісім аяқталғаннан кейін ағылшын клубынан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
11 қазанда инсайдер Фабрицио Романо “Спортингтің” қазіргі спорттық директоры Уго Виана 2025 жылдың жазында “Манчестер Ситиде” осыған ұқсас қызметке кірісетінін хабарлады. Жазда 2012 жылдан бері манчестерлік клубта қызмет атқарып келе жатқан Чики Бегиристайнның орнын босататыны күтілуде.
Айта кетейік, “Жиронаның” спорттық директоры Кике Карсель “Манчестер Ситиден” ұсыныс алғанымен, оны қабылдаудан бас тартты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52