locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Манчестер Сити Педриді сатып алуға бет бұрды

Манчестер Сити Педриді сатып алуға бет бұрды

Барселонаның жартылай қорғаушысы Педри Манчестер Ситидің назарына түсті, деп хабарлайды Football 365. Ойыншыны ситидің сапында клубтың бас бапкері Пеп Гвардиола көргісі келеді.

Англия чемпиондары ойыншы үшін қанша төлеуге дайын екендігі әлі белгісіз. Бұл ретте олар трансфер құнын азайту үшін Матеус Нуньесті қолдануға дайын екені белгілі.

Каталондықтар қаржылық жағдайын жақсарту және ойыншыларды тіркеу үшін футболшыларын сатуға мәжбүр. Алайда, каталондықтар Педриден айырлығысы келмейді. Бұл трансферге клуб президенті Жоан Лапорта қарсы.

Педри Барселонаға 2019 жылдың жазында Лас-Пальмастан 23 миллион еуроға ауысқан. Өткен маусымда 21 жасар хавбек барлық турнирлерде 34 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 5 гол пасын берді. Ойыншының каталондық клубымен келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін жарамды.