«Манчестер Сити» Дани Ольмоға көз тіккен: Гвардиола шабуылды күшейтуді көздейді


Ағылшынның «Манчестер Сити» клубының бас баскері Хосеп Гвардиола командасының шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр.
Ол «Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Дани Ольмоны басты кандидаттардың бірі ретінде қарастыруда.
Relevo басылымының мәліметінше, Гвардиола ойынды ұйымдастырып, голдық мүмкіндіктер жасап, шабуылды нәтижелі аяқтай алатын футболшыны іздеп жүр. 27 жастағы Ольмо бұл талаптарға толықтай сай келеді және жазғы трансфер кезеңінде «Сити» үшін негізгі нысанаға айналуы мүмкін.
Айта кетейік, Дани Ольмо 2024 жылдың жазында 55 миллион еуроға «РБ Лейпцигтен» «Барселонаға» ауысқан болатын. 2024/25 маусымында ол 36 ресми матчқа қатысып, 11 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Transfermarkt деректеріне сүйенсек, Ольмоның каталондық клубпен келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Бұл дегеніміз, егер «Манчестер Сити» бұл трансферді жүзеге асырғысы келсе, оларды оңай болмайтын келіссөздер күтіп тұр.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16