locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Манчестер Сити қаржы тәртібін бұзу ісінде жаңа айыптар пайда болды

Манчестер Сити қаржы тәртібін бұзу ісінде жаңа айыптар пайда болды
ФОТО: gettyimages.com

"Манчестер Сити" клубы қаржы тәртібі ережелерін 130 рет бұзғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды The Times.

Алдымен клубқа 115 ереже бұзу фактісі тағылған болатын, бірақ кейбір ережелердің дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты бұл көрсеткіш қайта қаралды.

Іс бойынша шешімдер қаңтар айында жариялануы мүмкін, алайда апелляцияға байланысты соңғы үкім келесі маусымға дейін кейінге қалуы ықтимал. Апелляцияны қарау 6-8 айға созылуы мүмкін, ал егер клубқа лигада төмендеу жазасы берілсе, апелляция оның жүзеге асуын тоқтата алады.

Еске сала кетейік, "Ман Сити" 2009-2018 жылдар аралығында қаржы тәртібі ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін айыпталды.

Қазіргі маусымда "Манчестер Сити" Англия чемпионатының 15 турынан кейін 27 ұпаймен төртінші орында тұр.

Нойер Баварияда қалады ма?

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie