Манчестер Сити АПЛ-да екі жылдан бері бірінші рет өз алаңында жеңілді
Футбол
Бүгін 15:26
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: beIN SPORTS
Пеп Гвардиола жетекшілік ететін “Манчестер Сити” 2022 жылдан бері алғаш рет Ағылшын Премьер Лигасында өз алаңында жеңілді.
Бүгін “қалалықтар” АПЛ 12-ші турында Лондонның "Тоттенхэмінен" “Этихадта” стадионында 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Осы күнге дейін олар чемпионатта өз алаңында соңғы рет 2022 жылдың 12 қарашасында жеңілген болатын. Ол кезде "Брентфорд" басым болған еді (1:2). Бұл ағылшын грандының барлық турнирлеріндегі қатарынан бесінші жеңілісі болды.
“Манчестер Сити” 23 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында, бәсекелестері “Ливерпуль” олардан 5 ұпайға озып кетті және алда артық ойыны бар.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44