Манчестер Сити 18 жылда алғаш рет қатарынан бес матчта жеңілді
Ағылшынның "Манчестер Сити" командасы 12-тур аясында өз алаңы "Этихадта" "Тоттенхэм Хотспурдан" 0:4 есебімен ірі жеңіліске ұшырады. Бұл сәтсіздік "қалалықтар" үшін қатарынан бесінші рет қайталанып отыр, мұндай жағдай соңғы рет 2006 жылы тіркелгенін АПЛ-дің баспасөз қызметі хабарлады.
2005/2006 маусымында "Манчестер Сити" 18 наурыз бен 15 сәуір аралығында АПЛ мен Англия Кубогы ойындарында алты рет қатарынан жеңіліп қалған болатын.
Оған дейін "Манчестер Сити" "Брайтоннан" (1:2), "Спортингтен" (1:4), "Борнмуттан" (1:2) және тағы да "Тоттенхэмнен" (1:2) жеңіліс тапқан.
Қазіргі таңда "Манчестер Сити" Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 12 матчта 23 ұпай жинап, екінші орында тұр.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34