locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Мамелоди Сандаунз» КӘЧ-те алғашқы жеңіске жетіп, F тобында көш бастады

Оңтүстік Африка клубы корейлік «Ульсан Хендэ» командасын жеңді
Футбол 17 мау 2025 23:17
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Мамелоди Сандаунз» КӘЧ-те алғашқы жеңіске жетіп, F тобында көш бастады
ФОТО: Getty Images

АҚШ-тың Орландо қаласындағы «Эксплория» стадионында өткен 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы турында «Ульсан Хендэ» (Оңтүстік Корея) мен «Мамелоди Сандаунз» (ОАР) кездесті. Кездесу 1:0 есебімен африкалық ұжымның пайдасына аяқталды.

Жалғыз әрі жеңіс добын 36-минутта Икраам Рейнерс соқты. Бұған дейін де «Мамелоди» қақпаға екі гол соққан болатын (29 және 39-минуттар), алайда VAR шешімімен біріншісі қолмен ойнағаны үшін, екіншісі ойыннан тыс жағдай үшін есепке алынған жоқ.

F тобының келесі турындағы ойындар 22 маусымда өтеді. «Ульсан Хендэ» – «Флуминенсе» (Бразилия), ал «Мамелоди Сандаунз» – «Боруссия» Дортмунд (Германия) командаларымен кездеседі. Бірінші турдан кейін ОАР өкілдері 3 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында – «Боруссия» мен «Флуминенсе» (1 ұпай), соңғы орында – «Ульсан Хендэ» (0 ұпай).

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. F тобы. 1-тур. 18 маусым

«Ульсан Хендэ» (Оңтүстік Корея) – «Мамелоди Сандаунз» (Оңтүстік Африка) – 0:1

Гол: Рейнерс 36.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie