Максим Зуев Қазақстан құрамасының бапкерлер штабына енді


Бұрынғы “Қызылжар” клубының спорт директоры қызметін атқарған және ресейлік маман Максим Зуев Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына қосылды.
35 жастағы Зуев – Воронеж футбол мектебінің түлегі. Әр жылдары Воронеждегі “Локомотив” футбол академиясында, “Искра” (Ахтубинск), “Футбол академиясы” (Воронеж), “Факел” (Воронеж) және Долгопрудныйдың “Олимп” клубында жұмыс істеді. Биылғы қаңтар айынан бастап “Сочи” футбол клубы академиясының физикалық дайындық бағытының жетекшісі қызметін атқарып келеді.
2021 жылдан бері Ресейдің жасөспірімдер құрамаларын дайындаумен айналысып, Ресей футбол одағының кешенді ғылыми тобының мүшесі саналады. “B-UEFA” және “Физикалық дайындық бапкері” лицензияларына ие.

Футбол
Бүгін 16:00

Футбол
Бүгін 15:46

Футбол
Бүгін 14:46