locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Максим Самородовтың командасы ЦСКА-ға жол беріп, топта бірінші орын ала алмады

Максим Самородовтың командасы ЦСКА-ға жол беріп, топта бірінші орын ала алмады

Мәскеуде (Ресей) футболдан Ресей Кубогының топтық кезеңінің алтыншы туры аясында ЦСКА мен грозныйлық “Ахмат” арасындағы матч өтті.

Мәскеудегі “ВЭБ Арена” стадионында өткен ойын ЦСКА-ның 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Жеңісті голды 34-минутта Секу Койта соғып, ойын соңына дейін есеп өзгеріссіз қалды. Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов “Ахматтың” негізгі құрамында матчты бастап, 81-минутта алмастырылды.

Осылайша, ЦСКА С тобында топ жарып, Ресей Кубогының плей-офф кезеңінің жоғарғы торының ширек финалына шықты. Бұл матчтан кейін С тобындағы турнирлік кесте келесідей: ЦСКА — 14 ұпай (6 матч), “Ахмат” — 9 ұпай (6 матч), “Краснодар” — 9 ұпай (5 матч), “Пари Нижний Новгород” — 1 ұпай (5 матч).

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie