locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Максим Самородов: "Сен қандай ойыншы болсаң да , Черчесов үшін ең бастысы — тәртіп”

ФОТО:  KFF
Максим Самородов: "Сен қандай ойыншы болсаң да , Черчесов үшін ең бастысы — тәртіп”

Қазақстан құрамасының және “Ахмат” клубының шабуылшысы Максим Самородов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов туралы пікірін білдірді.

“Әрине, Ұлттар лигасы — бұл ең алдымен дайындық кезеңі, мен Магомед Мусаұлының сөздерімен толықтай келісемін. Әрдайым жеңіске жетуді қалайсың, бірақ В лигасындағы қарсыластар С лигасындағыдан әлдеқайда мықты. Мұны бәрі түсінуі керек. Сен қандай ойыншы болсаң да , Черчесов үшін ең бастысы — тәртіп”, — деді Самородов “Чемпионат” басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Станислав Черчесов бас бапкер болып тағайындалғаннан бері Қазақстан құрамасы бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. Қазіргі уақытта команда 3-топта бір ғана ұпай жинап, соңғы орында тұр. 2024 жылдың маусымында тағайындалған 61 жастағы бапкердің басшылығымен құрама төрт матчта да гол соға алмады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie