locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Максим Самородов қатарға қайта оралды

Ұлттар лигасы алдында Қазақстан құрамасы үшін тамаша жаңалық.

Максим Самородов жарақатынан толық айығып, командамен бірге жаттығу жұмыстарын бастады. Бастапқыда ресейлік "Ахматтың" жаңа ойыншысы резервтік тізімде болған.

Еске сала кетейік, Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан құрамасы 6 қыркүйекте Алматыда Норвегиямен, ал 9 қыркүйекте Люблянада Словениямен кездеседі.