locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Максим Самородов Ахмат клубының қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды

ФОТО:  Getty images

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов жанкүйерлер шешімі бойынша қыркүйек айында грозныйлық “Ахмат” клубының үздік ойыншы болып танылды.

Қыркүйек айында команда төрт матч өткізді, сол матчтардың қорытындысы бойынша әр ойында үздік ойыншыны анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Бірінші орынды алған ойыншыға бес ұпай, екінші орынға үш ұпай, ал үшінші орынға бір ұпай берілді.

Барлық төрт кездесудің қорытындысы бойынша Самородов 13 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды 10 ұпаймен Лечи Садулаев алса, үздік үштікті 5 ұпаймен Гиорги Шелия түйіндеді.

Ағымдағы маусымда Максим Самородов “Ахмат” үшін жеті матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.