Максим Низовцев Әліптің Еуропаға ауысу мүмкіндігі талқылады: "Ол ТОП-чемпионаттарға жарамайды деп ойлаймын"


Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Максим Низовцев “Зенит” қорғаушысы Нұрәлі Әліптің Еуропа чемпионаттарының біріне ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
“Менің ойымша, Еуропаға ауысу мүмкін, бірақ өте мықты командаларға емес. Қазақстандық баспасөзде “Манчестер Юнайтед” туралы айтылды. Әліптің мұндай топ командаларға қажет екеніне күмәнім бар. Мүмкін, Түркияға жарасар, бірақ ол ТОП-чемпионаттарға жарамайды деп ойлаймын”, – деп келтіреді Низовцевтің сөзін “Спорт День за Днем”.
2024/2025 маусымының бірінші жартысында Әліп 18 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. “Зенит” Ресей чемпионатының кестесінде екінші орында тұр. 18 тур қорытындысы бойынша Сергей Семактың командасы 39 ұпай жинады.

Футбол
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 15:45