Максим Низовцев Черчесовты Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде қалдыру шешімін қолдады


Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Максим Низовцев Қазақстан футбол федерациясының Станислав Черчесовты ұлттық құраманың бас бапкері ретінде қалдыру туралы шешіміне пікір білдірді.
“Федерация шешім қабылдады. Оның келісімшарты бар, оны соңына дейін орындау қажет. Ол әлем чемпионатына іріктеуге дайындықты бастайды. Менің ойымша, оны қалдыру – дұрыс шешім,” – деді Максим Низовцев “Спорт День за Днем” басылымына берген сұқбатында.
Еске салсақ, ресейлік маман 2024 жылдың жазында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Алайда Ұлттар лигасында команданың нәтижелері өте сәтсіз болды: алты матчта бар болғаны бір ұпай жинап, қарсыластар қақпасына бірде-бір гол соға алмады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы С Лигасына түсіп қалды.
Әлем чемпионатына іріктеу жеребесінің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы J тобына түсті. Ұлттық құраманың қарсыластары – Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн командалары.
Қазақстан U-16 жасөспірімдер құрамасы Дубайда өткен жолдастық матчта жеңіске жетті

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30