Магомед Адиев өз болашағы туралы мәлімдеме жасады
"Ахмат" және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев "РБ Спорт"-қа берген сұхбатында өзіне түскен ұсыныстар туралы айтып берді.
-Мен жаттықтырушылық болашағыңыз туралы да сұрағым келген едім. Сізге қандай да бір ұсыныстар түсті ме?
– Егер мен қазір жұмыссыз болып жүрсем, демек нақты ұсыныстар жоқ. (Күлді.) Кездесулер орын алып, осы тақырыпта әңгімелер болған, бірақ ештеңе нақты болмады. Сондықтан қазіргі таңда мен еркін жаттықтырушы ретінде статусымды сақтап отырмын.
– Сізді шынымен «Пари НН»-ге шақырған ба? Әңгімелер болды ма?
– Әңгімелер көп болды... “Пари НН”-мен де, басқа клубтармен де, тіпті Қазақстанда да көп әңгіме болды. Егер мен қазір еш жерде жұмыс істемесем, демек олар өз нәтижесін берген жоқ, не басшыларға, не маған бас бапкер ретінде.
– Сізге РПЛ-де жұмыс істеуді жалғастыру қызықты ма, әлде қызықты ұсыныс болса, шетелге кетуге дайынсыз ба?
– Қазіргі уақытта РПЛ-де сапалы жаттықтырушылар жұмыс істеп жатыр, ал менің табиғатымда ешқашан күтіп отыру жоқ. Егер мені қанағаттандыратын ұсыныс түсе қалса, әрине, мен оны қарастырып, кетуге дайын боларым сөзсіз, – деді Адиев.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52