Мадридтік «Реал» Испания Кубогының финалында «Барселонаға» қарсы өтетін ойынға негізгі құрамын жариялады
Футбол
26 сәу 2025 14:30

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Сәуірдің 26-нан 27-сіне қараған түні мадридтік «Реал» мен «Барселона» арасындағы Испания Кубогының финалдық ойыны өтеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
«Реал» Мадридтің бас бапкері Карло Анчелотти ойын алдында командасының негізгі құрамымен таныстырды. Мадридтік команда 4-4-2 сызбасы бойынша орталықтағы ромбпен ойнайды. Команданың жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақатына байланысты негізгі құрамда жоқ.
«Реал» Мадридтің негізгі құрамы: Куртуа - Менди, Рюдигер, Асенсио, Васкес - Себальос, Чуамени, Беллингем, Вальверде - Винисиус, Родриго.
Шешуші матч Севилья қаласындағы Олимпиадалық стадионда өтеді. Кездесудің басталуы – Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек