Ляказетт, Микаутадзе және басқалары: Бірінші лигадан ұшқан «Лионнан» кейін кім кетеді?


Француздық «Лион» қаржылық есеп беруді бұзғаны үшін Лига 2-ге төмендетілді. Клубтың қарызы 500 млн еуродан асқаны хабарланды.
Мұндай төмендеуден кейін клубтың көптеген ойыншылары батып бара жатқан кемені тастап кетуі мүмкін. Әлеуетті трансферлер тізімінде Александр Ляказетт, Георгис Микаутадзе, Неманья Матич, Николас Тальяфико сияқты танымал ойыншылар бар.
Бірақ команданың басты активі – 20 жастағы бельгиялық талант Малик Фофана. Өткен маусымда ол барлық жарыстарда 17 голдық әрекет жасады. Ойыншының трансферлік құны 30 млн еуроға бағаланып отыр.
Сондай-ақ, жыл басынан бері клуб сапында «Ботафогодан» көшіп келген аргентиналық Тьаго Альмада сапында ойнайды. Еуропаның ірі клубтары ойыншыны өз құрамында көргісі келетіні сөзсіз.
Клуб өзінің басты жұлдызын сатып үлгерді - жас француз Райан Шерки «Манчестер Ситиге» 36,5 млн еуроға көшті.

Бокс
Бүгін 17:10

Бокс
Бүгін 15:45