Лукас Пакета өмір бойына футболдан шеттетілуі мүмкін
“Вэст Хэм” командасында өнер көрсететін бразилиялық жартылай қорғаушы Лукас Пакета, бәс тіккені үшін өмір бойына футболдан шеттетілуі мүмкін,- деп хабарлайды Daily Mail . Айыптаулар тек футболшыға ғана емес, оның достарына да қатысты. Олар күдікті әрекеттердің арқасында шамамен 100 млн евро пайдаға кенелген көрінеді. Футбол қауымдастығының мәліметі бойынша, Пакета кем дегенде төрт ескерту алған, бұл заңсыз бәс тігумен байланысты болуы мүмкін
Тергеу жұмыстары кезінде футболшының ұялы телефонын тәркілеген. Ол тіпті, бәс тігу кезінде достарының телефонын қолдануы мүмкін. Футбол қауымдастығы Пакета өмір бойына футболдан шеттетуді талап етіп отыр. Айта кетейік, фуболшының қазіргі бағасы 55 млн евроға бағаланады.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49