Лука Модрич Мессидің командаласы атанбақ: «Интер Майамиға» ауысуы күтілуде


Мадридтік «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін, деп хабарлады Mundo Deportivo.
2025 жылдың жазында хорватиялық тәжірибелі футболшы астаналық клубпен қоштасып, «Интер Майами» командасымен бір жылдық келісімшартқа қол қоюы ықтимал.
Басылым мәліметінше, бұл ауысымға бастамашы болған – «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси. Аргентиналық футболшы клуб басшылығына Модричті шақыру туралы ұсыныс жасаған. Екеуі бұрын Ла Лигада қарсылас болған.
Қазіргі маусымда 38 жастағы Модрич «Реал» сапында барлық турнирлерде 55 матч өткізіп, 4 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
Егер бұл трансфер жүзеге асса, MLS лигасы аясында жанкүйерлерді әлемдік футбол жұлдыздарының жарқын кездесуі мен «Интер Майамидің» қатарына ірі толықтыру күтіп тұр.

Футбол
Бүгін 13:52

Футбол
Бүгін 11:12