locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Луис Энрике ПСВ-мен тең ойын жайлы: "Ойынымызды қалай жақсартуға болатыны туралы ойланамын"

ФОТО:  Getty_images
Луис Энрике ПСВ-мен тең ойын жайлы: "Ойынымызды қалай жақсартуға болатыны туралы ойланамын"

“Пари Сен-Жермен” командасының бас бапкері Луис Энрике Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-турындағы нидерландтық ПСВ-мен өткен матчтың нәтижесіне пікір білдірді. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

“Біз Чемпиондар Лигасында ең көп мүмкіндік жасайтын командалардың біріміз деп сенімді айта аламын. Команда дұрыс бағытта қозғалып, мен көргім келген футболды көрсетіп жатқандығына күмәнім жоқ. Біз өте сенімді ойнадық, әсіресе қорғаныста, бірақ футбол – осындай ойын. Бұл оңай емес турнир, жеребе де қиын. Әрине, қазіргі жағдай мені алаңдатады. Ойынымызды қалай жақсартуға болатыны туралы ойланамын, бірақ ойыншыларымның менталитеті мені қуантады”, – деп келтіреді Энрикенің сөзін RMC Sport.

Чемпиондар Лигасының келесі турында париждіктер 6 қарашада мадридтік “Атлетикомен” күш сынасады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie