locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Луис Энрике: Егер бұл ойында жеңілсек — турнирден шығамыз

«ПСЖ» бапкері «Сиэтл Саундерс» командасымен өтетін ойын алдында пікір білдірді
Футбол 23 мау 2025 08:47
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Луис Энрике: Егер бұл ойында жеңілсек — турнирден шығамыз
ФОТО: Getty Images

Францияның «ПСЖ» клубының бас бапкері Луис Энрике клубтық әлем чемпионаты аясында «Сиэтл Саундерске» қарсы шешуші ойын алдында мәлімдеме жасады.

Матч 23 маусымнан 24 маусымға қараған түні өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Қазіргі таңда топта алты ұпаймен «Ботафого» көш бастап тұр. «Атлетико» мен «ПСЖ»-дің үш ұпайдан, ал «Сиэтл Саундерс» әлі де ұпай жинамаған.

«Егер бұл ойында жеңілсек — турнирден шығамыз. Біз жарысты жалғастырғымыз келеді, әрі келесі кезеңге өтсек, команданың бұдан да мықты нұсқасын көретін боламыз. Біз үш қарқынды жаттығу өткіздік және дайынбыз деп ойлаймын.

Біз өзіміздің мықты тұстарымызға, допты бақылауымызға, прессингке назар аударамыз. Жақсы ойын көрсетеміз деп сенемін. Біз доппен де, допсыз да қарқындылығымызды арттыра аламыз, прессинг пен допты бақылауымызды жақсартамыз, бірақ сол ойын стилінде қаламыз. Маусым бойы команда керемет футбол ойнай алатынын дәлелдеді, ертеңгі мақсатымыз да сол болады», — деген Энрикенің сөзін RMC Sport келтіреді.

«ПСЖ»-нің «Сиэтл Саундерске» қарсы матчы топтан шығу жолында шешуші болмақ.

Гвардиола Хусановты командада қалдыруға шешім қабылдады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie