locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Луис де ла Фуэнте Испанияның 2030 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылу қаупіне алаңдаулы

ФОТО:  Getty images
Луис де ла Фуэнте Испанияның 2030 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылу қаупіне алаңдаулы

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте өз елінің 2030 жылғы футболдан Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыру қаупіне байланысты пікір білдірді. Себебі Испанияның Корольдік футбол федерациясы (RFEF) әлі күнге дейін жаңа президентті сайлаған жоқ.

“Қалайша біз алаңдамауымыз мүмкін? Әрине, бәріміз Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыру қаупіне байланысты алаңдап отырмыз. Егер біреу бұған алаңдамаса, ол не ақымақ, не білместік танытып отыр, бұл анық. Егер бұл қауіп шындыққа айнала бастаса, біз одан да қатты уайымдайтын боламыз, өйткені бұл елдің, оның футболы мен экономикасына әсер етеді,” - деп де ла Фуэнтенің сөздерін ESPN келтірді.

11 желтоқсанда ФИФА конгресінде Испания, Португалия және Марокко 2030 жылғы Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар ретінде ресми түрде бекітіледі деп күтілуде. Алайда осы аптада RFEF өкілдері ФИФА делегаттарымен кездесіп, ұйымның жаңа президенті үш ай ішінде сайлануы керек деген талап қойылды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie