«Әл-Наср» Роналдудың дублінің арқасында қатарынан екінші жеңісіне жетті


Сәуірдің 12-нен 13-іне қараған түні Сауд Про-лигасының 27-турында «Әл-Наср» пен «Әл-Рияд» ойыны өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ойын 2:1 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына аяқталды. Криштиану Роналду гол жібергеннен кейін сегіз минут ішінде дубль жасады да камбэктің басты себебі болды. Португалиялық екінші ойын қатарынан екі гол соғып отыр – алдыңғы турда «Әл-Хилял» қақпасына екі рет гол соғып (3:1) командасына жеңісті жұлып әкеткен болатын.
«Әл-Насрдың» жеңісі кесте тұрғысынан да өте маңызды болды. Басты қарсыласы ұпай жоғалтқаннан соң, команда есеп айырмасын бір ұпайға дейін қысқарта алды. «Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатында 57 ұпаймен үшінші орында.
Сауд Про-лигасы. 27-тур. 12 сәуір
«Әл-Наср» - «Әл-Рияд» - 2:1
Голдар: Роналду, 56, 64 - Селемани, 45+2.
Қызыл қағаз: Асири, 90+4 («Әл-Рияд»).


Футбол
Бүгін 06:03
