locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ливерпуль Мамардашвилимен келісімшарт бойынша ортақ мәмілеге келді

Футбол 14 там 2024 09:11
Сергей Турчак
Сергей Турчак
sports24 сарапшы
Ливерпуль Мамардашвилимен келісімшарт бойынша ортақ мәмілеге келді

Валенсия мен Грузия құрамасының қақпашысы Мамардашвили клубтық мекен жайын ауыстыруға жақын.

Әлемдегі ең қымбат қақпашылардың бірі Мамардашвилиге Ливерпуль тарапынан қызығушылық бар.

Ағылшын Премьер-лигасының грандтарының бірі саналатын Ливерпуль жеке келісімшарт бойынша Георгий Мамардашвилимен ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды әйгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо. Қақпашы мансабының бір-екі жылын басқа клубта жалға өткізуге де өз келісімін беріпті.

Ливерпуль Мамардашвилиді 30 миллион еуродан астам ақшаға сатып алып, оны бірден жалға беруді қарастыруда.

Қақпашының Валенсиямен келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін, ол жылына 1,5 миллион еуро жалақы алады.

Георгий Мамардашвили Валенсия сапында 2022 жылдан бастап өнер көрсетеді. 2023/24 жылғы маусымда грузин қақпашысы 37 матч өткізіп, қақпасына 41 гол жіберіп алды және 13 құрғақ ойын өткізді.

Мамардашвили Еуро-2024 турниріндегі ең үздік ойыншылардың бірі болды. Грузин қақпашысының есебінде 30 сейв бар. Transfermarkt порталы 23 жастағы футболшының трансферліе құнын 45 миллион еуроға бағалайды.