locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ливерпуль Челсиді жеңіп, Англия чемпионатының көшбасшысына айналды

Футбол 20 қаз 2024 13:38
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: официальный сайт FC Liverpool
Ливерпуль Челсиді жеңіп, Англия чемпионатының көшбасшысына айналды

20 қазанда Англия футболының жоғарғы дивизионында (АПЛ) 8-турдың соңғы матчы өтті, онда “Ливерпуль” мен “Челси” кездесті. Арне Слот шәкірттері лондондық команданы 2:1 есебімен жеңіп, турнирлік кестенің көшін бастады. Ливерпуль қазіргі таңда 21 ұпайға ие. Ал “Челси” 14 ұпаймен бесінші орынға ығысты.

АПЛ. 8-тур. 20 қазан

“Ливерпуль” – “Челси” – 2:1 (1:0)

Голдар: Салах, 29 (пенальти, 1:0); Джексон, 48 (1:1); Джонс, 51 (2:1)

“Ливерпуль” 24 қазанда Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде немістің РБ “Лейпциг” командасына қарсы кездесу өткізеді, матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Ал лондондықтар сол күні сырт алаңда гректің “Панатинаикосымен” ойнайды. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады.

Бұған дейін “Манчестер Сити” “Вулвзды” тартысқа толы матчта 2:1 есебімен жеңді: толық ақпарат.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie