locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ливерпуль АПЛ маусымын жеңіспен бастады

Футбол 17 там 2024 09:44
Сергей Турчак
Сергей Турчак
sports24 сарапшы
Ливерпуль АПЛ маусымын жеңіспен бастады

АПЛ 1 тур ойындары әлі жалғасуда. Сенбі, 17 тамызда, Ипсвич чемпионат фавориттерінің бірі Ливерпульмен кездесті. Кездесу Ипсвич қаласының Портмен Роуд стадионында өтіп, қонақтардығ (2:0) жеңісімен аяқталды.

Бірінші тайм Ипсвич ойыншыларының қатыгез ойынымен ерекшеленді. Қожайындардың бірден үш ойыншысы (Вулфеден, Хатчинсон және Бернс) сары қағаз алды.

Ливерпуль алғашқы голды. екінші таймда соқты. 60-шы минутта Жота Салахтың пасынан кейін сол жақ бұрышқа соққымен есепті ашты. Ал 65-ші минутта Салахтың өзі гол соқты. Египеттік керек уақытта, керек орында табылып, есепті 0:2 қылды.

АПЛ, 1 тур. 17 тамыз. Ипсвич, стажион Портмен Роуд.

Ипсвич - Ливерпуль - 0:2

Голдар: 0:1 Жота (60'), 0:2 Салах (65')

Командалар құрамы:

"Ипсвич": Уолтон - Туанзебе (Смодич, 74), Вулфенден, Гривз, Дэвис - Луонго (Тейлор, 65), Морси - Бернс (Джонсон, 57), Чаплин (Гарнесс, 65), Хатчинсон - Дилеп (Аль-Хамади, 74).

"Ливерпуль": Алиссон - Александер-Арнольд (Брэдли, 77), Куанса (Конате, 46'), Ван Дейк, Робертсон (Цимикас, 79) - Гравенберх, Мак Алисстер - Салах, Собослай, Диас - Жота (Гакпо, 79).

Ескерту қағаздары: Вулфенден (6), Хатчинсон (13), Бернс (24) - Гакпо (90+5).