locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әліп негізгі құрамда: Зенит өз алаңында Рубинді жеңді

Әліп негізгі құрамда: Зенит өз алаңында Рубинді жеңді

Санкт-Петербургте “Зенит” пен “Рубин” арасындағы кездесу өтті. Қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліп петерборлық команда сапында толық ойын өткізді.

Кездесу “Зениттің” өз алаңында өтті және алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші голды Густаво Мантуан соқса, Дмитрий Чистяков екінші голды соғып, командасының басымдығын нығайта түсті.

Нұрәлі Әліп матчты толыққанды 90 минут ойнады, дегенмен нәтижелі әрекеттер болмады. Қазақстандық қорғаушы үшін бұл “Зенит” сапындағы осы маусымдағы жетінші ойын болып тіркелді және ойыншы әлі күнге дейін нәтижелі әрекетпен көзге түспеді.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы турда Әліп мәскеулік ЦСКА футболшысымен қақтығысып қалған болатын.