Әліп: "Мен бұрыштама жанында тұрдым, ешкімге тиіспедім, кімді ұстау керектігін білмедім"
Санкт-Петерборлық «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұрәлі Әліп соңғы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Мен бұрыштама жанында тұрдым, ешкімге тиіспедім, кімді ұстау керектігін білмедім. Ол келіп мені итеріп жіберді. Мен ол маған қарсы блок жасап жатыр деп ойладым, бірақ ол мені итермелей бастады. Мен жауап ретінде оны итеріп жібердім, дәл осы кезде доп шықты және Круговой оған пас берді, мен допқа ойнадым, Мойзеске айқайладым, ол да ашуланып, жүгіре жөнелді. Одан әрі не болғанын өздеріңіз көрдіңіздер – екеумізге де сары қағаз берді», – деп түсіндірді Әліп.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Премьер-лигасының сегізінші туры аясындағы ЦСКА мен «Зенит» арасындағы кездесуде Әліп ЦСКА қорғаушысы Мойзеске қарсы қатаң ойнап, алаңда төбелестің басталуына әкеп соқты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52