locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Лионель Месси өз көзімен көрген ең үздік ойыншыны атады. Бұл Криштиану Роналду емес

Лионель Месси өз көзімен көрген ең үздік ойыншыны атады. Бұл Криштиану Роналду емес
ФОТО: gettyimages.com

Аргентина футболының аңызы, "Интер Майами" клубының ойыншысы, сегіз дүркін "Алтын доп" иегері Лионель Месси өзінің өмірінде көрген ең мықты футболшыны атады.

"Роналдо – нағыз феномен. Мен көрген футболшылардың ішінде ол ең үздігі болды. Қай қырынан қарасаң да, ол таңғажайып ойыншы еді", – деп келтіреді Мессидің сөзін Sport Bible.

Роналдо өзінің керемет жылдамдығымен, техникасымен және гол соғу шеберлігімен танымал болды. Ол кәсіби мансабын "Крузейро" клубында бастап, кейін ПСВ, "Барселона", "Интер", "Реал" және "Милан" сапында өнер көрсетті.

Бразилиялық шабуылшы екі рет "Алтын допты" жеңіп алды (1997, 2002) және екі рет әлем чемпионы атанды (1994, 2002). 2002 жылы ол әлем чемпионатының үздік сұрмергені болып, Бразилияның жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарды. Сондай-ақ, ол Америка кубогы мен Конфедерациялар кубогында топ жарған.

Роналдо ерекше ойын мәнерімен, тамаша дриблинг пен гол соғу интуициясымен есте қалды. Ол кәсіби мансабын 2011 жылы аяқтады.

Криштиану Роналду кезінде неге Барселонаны емес , МЮ таңдағанын түсіндірді

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie