Лион Лига 1-ден шығарылуы мүмкін
Футбол
Бүгін 15:14
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: Eurosport
“Лион” клубына қысқы трансфер терезесі қарсаңында трансферге тыйым салынды және жалақыға шек қойылды, деп хабарлайды lequipe.fr. Ұлттық бақылау және басқару дирекциясы (DNCG) бұл шешімді клуб иесі Джон Текстордың дәлелдеріне қарамастан қабылдады. Текстор осы сенбіде көпшілік алдында мәлімдеме өткізетінін хабарлады.
“Бұл мен бүгін жасаған мәлімдеме болады. Мен мұны ертең камералар алдында жасаймын және DNCG-ге не ұсынғанымызды көпшілікке көрсетемін”. – деді американдық функционер.
Жақында пресс-релизінде “Лион” 505,1 миллион еуро көлемінде қаржылық қарызын көрсетті. Егер маусым соңында қаржы жағдайы жақсармаса, клуб Лига 1-ден шығаруы мүмкін.
Танымал жаңалықтар
Бокс
Бүгін 11:38
Хоккей
Бүгін 11:30