«Лион» келесі маусымда Францияның екінші дивизионында өнер көрсетеді
Француз клубы қаржылық есептілікті бұзды
Футбол
24 мау 2025
15:18

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Францияның жеті дүркін чемпионы «Лион» елдің екінші дивизионына төмендеді.
24 маусымға қараған түні Ұлттық бақылау және басқару дирекциясының (DNCG) отырысы өтті. Басқарманың шешімі бойынша «Лион» қаржылық есептілікті бұзғаны үшін жазаланды. Клуб әлі де аппеляция беруі мүмкін екені хабарланды.
Лига 1-дің соңғы маусымында команда 57 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреп, Еуропа лигасына жолдама жеңіп алды.
Клубта бұрын қаржылық қиындықтар болған. ФИФА «Лионға» 2 238,36 еуро қарызына байланысты үш трансферлік терезеде ойыншыларды тіркеуге тыйым салды, бірақ кейін «олимпиадашылар» бұл мәселені шеше алды.
Танымал жаңалықтар

Бокс
Бүгін 15:50

Футбол
Бүгін 12:07
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек