Лион иесі Лига 1-ден түсіп қалмаудың алдын алатын жоспарын айтты
“Олимпик Лионның” қожайыны Джон Текстор осы сенбіде Ұлттық бақылау және басқару дирекциясы (DNCG) өз клубына қарсы салған санкциялардан бір күн өткен соң өз әрекеттерін түсіндірді. Америкалық кәсіпкердің өз командасын Лига 1-ден түсіріп жіберудің алдын алатын бірнеше жоспары бар.
Осы сенбіде өткен баспасөз мәслихатында Джон Текстор 100 миллион еуроға жуық тапшылықты жабуға және клубты осы нашар жағдайдан қалай шығаруға ниетті екенін түсіндірді. Ол “Ботофого" және “Моленбекке” иелік ететін Eagle Football Holdings бас компаниясы жақын арада қаражат алады деп уәде берді. Акционер өзінің “Кристал Пэластағы” 45% үлесін сатқысы келеді, содан соң шамамен 200 миллион еуро тұратын төрт ұсыныс қарауға шығарылады.
Естеріңізге сала кетейік, Лион 505,1 миллион еуро қарызына байланысты қысқы трансферлік терезе қарсаңында трансферге тыйым және жалақыға шек қойылды. Егер маусым соңында қаржылық жағдай жақсармаса, клуб Лига 1-ден шығарылады.
Футбол
Бүгін 13:51
Теннис
Бүгін 13:04