Лихтенштейн бапкері Қазақстанның жеңісіне жоғары баға берді


Лихтенштейн құрамасының бас бапкерi Конрад Фюнфштюк ӘЧ-2026 iрiктеу кезеңiнiң екiншi турында Қазақстаннан жеңiлген ойынға (0:2) қатысты пiкiрiн бiлдiрдi, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Қазақстан бұл ойында жеңiске лайық болды. Құрама сапында кәсiби деңгейi жоғары футболшылар бар екенi бiрден сезiлдi. Бiз қолдан келгенше қарсылық көрсетуге тырыстық. Ұзақ уақыт бойы есеп тең болып тұрды. Алайда қос гол да өте сапалы шабуылдардың нәтижесi арқылы соғылды. Бұл — мақтауға тұрарлық соққылар. Күштi қарсыласқа қарсы лайықты ойнадық»,— дедi Фюнфштюк.
Екi турдан кейiн Лихтенштейн 0 ұпаймен турнир кестесiнiң соңғы сатысында тұр. Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен үшiншi орынға орналасқан. Топ басында төрт ұпайдан жинаған Солтүстiк Македония мен Уэльс құрамалары келе жатыр.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59