Лига кубогының жеңімпазы мен финалисті қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Қазақстандағы жаңа футбол турнирі – Лига кубогының жеңімпазы мен финалисті қанша сыйақы алатыны белгілі болды.
Ертең, 23 қарашада Түркістанда жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын Лига кубогының жеңімпазы анықталады. Финалда екі елордалық клуб – “Жеңіс” пен “Астана” кездеседі. Бұл тартысты матчта жеңіске жеткен команда 90 миллион теңге, ал финалист 50 миллион теңге сыйақы алады. Ақтық ойын “Түркістан Аренада” сағат 15:00-де басталады.
Лига кубогы биыл 25 мамырда Қазақстанның 16 клубының қатысуымен басталған болатын. Алғаш болып финалға “Жеңіс” командасы шықты. Олар В тобында қостанайлық “Тобылды” (2:0) және қызылордалық “Қайсарды” (1:0) жеңіп, топта бірінші орын иеленді. Жартылай финалда Акис Вавалистің шәкірттері алматылық “Қайратпен” қос матчтың қорытындысы бойынша (2:2) тең түсіп, пенальти сериясында (3:2) жеңіске жетті.
Екінші финалист – “Астана” ұжымы. Олар топтық кезеңде ақтаулық “Каспийді” (5:0) және қарағандылық “Шахтерді” (4:2) жеңіп, D тобында көш бастады. Жартылай финалда семейлік “Елімаймен” кездесіп, қос матчта да есеп ашылмады (0:0). Тек пенальти сериясында (3:1) елордалықтар жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
ММА
Бүгін 08:59